Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

1 СӘУІРДЕН БАСТАП, БІРІНШІ СЫНЫПҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ

🔰 “Бестамақ орта мектеп”КММ -сі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018жылғы 12 қазандағы 564 бұйрығымен бекітілген. (30.01.2024 жылғы №16 өзгерістерімен) “Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау” мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі негізінде жүргізіледі.

1- сыныпқа өтініштерді қабылдау  ағымдағы жылдың 1сәуірінен бастап 31 тамызына дейін қолжетімді.  2024-2025 оқу жылына 1-сыныпқа құжаттар қабылдайды және алты жастағы сондай-ақ күнтізбелік жылда алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді.
🔰Құжаттарды қабылдау 2 тәсіл: “электронды үкімет” веб-порталы және білім беру ұйымы арқылы қағаз түрінде жүзеге асырылады.
🔰Қажетті құжаттар тізімі:
🔰 •Ата-ананың немесе заңды өкілдердің өтініші; 
🔰•052-2/у нысанды “Бала денсаулығының паспорты”;
🔰•065/у нысанды «Профилактикалық екпелер картасы» бойынша баланың денсаулық жағдайы туралы анықтама;
🔰•3×4см өлшеміндегі баланың 2 дана цифрлық  фотосуреті;
Ата-аналарға Egov.kz порталдың «Білім» бөліміне одан әрі «Орта білім» бөліміне әрі қарай мектепті таңдап, қажетті құжаттарды қоса жолдай отырып өтініш беру жеткілікті.
© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі