Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Қамқоршылық кеңес №5   отырысының

ХАТТАМАСЫНАН КӨШІРМЕ

Қамқоршылық кеңесінің   кезектен тыс отырысы

Бестамақ ауылы                                                                                       29 наурыз 2023 жыл

Өткен уақыты: 12.00

Өткен орны: Бестамақ орта мектебі

Өткізілген уақыты:

Қатысқандар (Қамқоршылық кеңес мүшелері):

  1. Султанов Мерғали - төраға
  2. Ермекбай Қуанышбек - мүшесі
  3. Есекенова Самал - мүшесі
  4. Наушина Гарифа - мүшесі
  5. Қолғанатов Серік – ата -ана
  6. Уразалина Гульнара - мүшесі
  7. Ажигалиева Кулпаршин – ардагер ұстаз
  8. Сағынай Мерей - мектеп президенті
  9. Султанова Айнур -ата -ана
  10. Аекешов Нуржан Камашевич- ата –ана
  11. Исенова Арсан Есенгалиевна – ата –ана
  12. Истегулова А.Г. – мектеп директоры
  13. Дощанова Г.К - ДТЖЖО

Күн тәртібінде: 9 «А» сынып оқушысы Сәлімжан Сафураны    «Балдәурен -Түркістан»   Республикалық оқу сауықтыру   орталығына   ұсыну.

Сөйлеушілер:

  1. Дощанова Г.К - ДТЖЖО. Күн тәртібіндегі   мәселемен танысып отырмыз. 9 «А» сынып оқушысы Сәлімжан Сафура     белсенді оқушыларымыздың бірі, аудандық байқаулардың жүлдегері оқу сауықтыру   орталығына ұсынылып жатыр. Бұл оқушыға берілген үлкен мүмкіндік деп ойлаймын. Оқушының   жетістігі ескеріліп, берілген критерийлері   бойынша сай келіп отыр.   Мұндай сауықтыру орталығына оқушылардың баруы   білімге деген құлшынысы,   ынтасы да артады деп ойлаймын.

Сұлтанов М. - төраға.   Жоғарыда айтылған пікірге келісемін. Мұндай сауықтыруға жолдамалар   мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау деп білемін. Жолдамалар бір емес бірнешеуі берілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Дауыс : ИЯ – 13

             Қарсы - жоқ

             Қалыс қалған – жоқ

Шешім:

Қамқоршылық   кеңестің шешімі бойынша, 9 «А» сынып оқушысы Сәлімжан Сафураны   «Балдәурен -Түркістан»   Республикалық оқу сауықтыру   орталығына   ұсынылсын.

Жиналыс төрағасы: Султанов М.

Хатшысы:   Дощанова Г .К.

© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі