Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
«Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

МЕНЮ

Бестамақ орта мектебінің Қамқоршылық   кеңесі отырысының хаттамасы

Бестамақ ауылы                         №4                                                             28.12.2023

Қатысқандар: 9

Күн тәртібінде:

  1. Білім беру ұйымы басшысының қайырымдылық көмек құралдарын пайдалану және олардың қозғалысы жөніндегі қызметі туралы есебі.
  2. Қамқоршылық   кеңестің   атқарылған І жартыжылдық есебі.
  3. Ағымдағы мәселелер

Алғашқы сөз   алған мектеп директоры   А.Истегулова   Қамқоршылық   кеңесі   отырысының  күн тәртібімен   таныстырып өтті. «Мектепке жол» акция аясында мектебіміздің биология пәні мұғалімі  Куртекова   Айгерім отыз мың теңге көлемінде аяқ - киім, оқу - құралын Такен Алия мен Такен Нұрсұлтан алып берді. Ата – ана   Жумагалиева Салтанат   он мың   көлемінде Рысжан Есетке, мектептің әлеуметтік педагогы Рустем Самал   Байғана Қолқанатқа   он мың теңгеге оқу құралдарын, ата - ана Тынышбаева Айымгуль Байғана Ақботаға қырық мың теңге көлемінде оқу - құралдары, спорттық костюм, мектеп сөмкесін, информатика пәні мұғалімі Қуатбай Жансая жиырма мың теңге көлемінде Жолмырза   Ақеркеге   аяқ киім, юбка және оқу -құралдарын сатып алып берді. «Ақ жүрек» еріктілер тобы мен «Шебер қолдар» үйрмесі оқушылары   қолөнер   жәрмеңкесін ұйымдастырып, түскен қаражатқа күн көрісі төмен Танабергеновтар отбасына азық – түліктей   көмек көрсетілді. Жоспарға сай   «Армандар   орындалады» қайырымдылық   акциясы ұйымдастырылып, үйден оқитын оқушы Шапай Санжарға Бестамақ орта мектебінің мұғалімі   Фазылова Айнұрдың демеушілігімен мектеп сөмкесі және оқу – құралдары табысталды. Халықаралық   мүгедектер күніне орай «Жылы   жүрек - жомарт қол» акциясы ұйымдастырылып, «Жас ұлан» ұйымы, әлеуметтік педагог және тәлімгердің демеушілігімен Сағатұлы Исламбеккке дәрумендер, тәттілер апарып, көтеріңкі көңіл - күй сыйлады. Мектеп басшысының тапсырмасы бойынша қыркүйек айынан бастап жекелеген санаттағы   білім алушылар   және 1-4 бастауыш класс оқушылары ыстық тамақпен қамтылды. Барлығы 346 білім алушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. 64 қаулы бойынша азқамтылған, күн көрісі төмен отбасылардан шыққан 76 тәрбиеленушіден өтініш қабылданды.

Қамқоршылық   кеңесі мүшелерімен бірлесе отырып, мектептегі түрлі   мәселелерді   ақылдаса отырып шешуге, өткізілетін іс - шараларға бұл кісілердің   қатынасуын   қамтамассыз етіп отырсақ,   мектеп жұмысы   ілгері басатындығын   түсіндірді.

Бірінші мәселе бойынша Бесқоспа орта мектебінің директоры Нұрлан Кеңесұлы сөз алды. 2023жылы қыркүйек айында өткен акция барысында мектебіміздің орыс тілі пәні мұғалімі Ажигалиева Жанат қайырымдылық жасап күн көрісі төмен отбасынан шыққан 3 сынып оқушысы Әлібек Әділбекке 5000 теңгеге ақ көйлек алып берді.Мектептің әлеуметтік педагогі Шонкалова Менсулу көп балалы күн көрісі төмен отбасынан шыққан 2сынып оқушысы Сағындық Айбатқа 10000 теңге мектеп сөмкесі мен оқу құралдарын алып берді. Аудандық білім бөлімінен демеушілік ұсынылып,көп балалы күн көрісі төмен 2отбасының балаларына көмек көрсетілді.Олар:1) 5 сынып оқушысы Алмас Ибрахимге толықтай мектеп формасы мен спорттық киімі алып берілді және осы отбасының егіз ұлдары 1сынып оқушылары Алмас Ахмад пен Алмас Мұхаммадқа спорттық киім берілді.2)5 сынып оқушысы Нағашыбай Мұхаммад мектеп формасы және спорттық киіммен қамтамасыз етілді.     Қыркүйек айында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 отбасы балалары 64 қаулыға сәйкес жалпыға бірдей білім беру қорынан оқу жылының басында 5 оқушыға қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, азқамтылған отбасынан шыққан 5 бала және барлық 1-4 сынып оқушылары ыстық тамақпен қамтылды. Жалпы саны барлығы 34 оқушы арнайы уақыт кестесімен тегін ыстық тамаққа барды. Асхана стандартқа сай жасақталып, ай сайын бракераж комиссиясы акт жүргізіп отырды.

Екінші мәселе бойынша мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Қамқоршылық кеңесінің хатшысы   Г.Дощанова сөз алды. «Зерде»ғылыми жобасына қатысып, Сұлтанмұратова Амира, Жалғасбай Ерсұлтан, Қалабай Мөлдір, Ақмадин Жансая, Мұхамбет Инабат, Сағынғали Айару, Аманғали Назерке жүлделі орындарға ие боды. 8-11 оқушылары арасында Республикалық лингвистикалық олимпиадасына қатысып, Болатбек Мадина, Төреғали         Наргиз, Нұрсұлтанова Сабина, Сапарғали Дильназ, Рүстемқызы Еркеназ, Рахманов Мағжан жүлделі орындарды иеленді. Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі аясында робототехника бойынша өтетін «RoboLand-2023» ашық чемпионатында 3 «Ә» сынып оқушысы Жалғасбай Ерсұлтан ІІ орынға ие болды. "Кішкентай білгірлер"атты интеллектуалдық олимпиадасына «Керуен», «Плюс» атты топтар қатысты, жүлделі орынға ие болды. "Мың бала" ұлттық зияткерлік   Олимпиадасының   II кезеңіне Жарылқап Аружан мен Нұржан   Гауһар   қатысып, жүз мың теңгеге ие болды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің қорытындысы (9-11кластар):1орын-1, 2орын-6, 3орын-5,Мақтау қағазы-1.

Ағымдағы мәселелер бойынша   кеңес мүшесі   А.Султанова сөз алды. Үйде отырған аналарға     мектеп психологымен бірігіп, тренингтер ұйымдастыру қажет деп ойлаймын. Себебі, баламен  отырған ана ашушаң болып келеді. Сол күйзелістен шығу амалдарын жасау керек деп есептеймін. Сізбен бірігіп, осы жұмыстарды ұйымдастырсақ деген ұсыныс жасағым келеді.

Келесі сөз кезегін   кеңес төрағасы   Султанов алды. Бестамақ орта мектебі тірек мектебі болғандықтан, үш магнит мектептері бекітілген. Сондықтан мектептер арасында байланыс орнатылып, оқушылар, мұғалімдер өзара қатынасу үшін көлік қажет деп ойлаймын. Көлікті алып беруге демеуші табуға септігімізді тигізсек деген ұсыныс жасағым кеп отыр.

Қаулы:

  1. Қайырымдылық көмек құралдарын пайдалану және олардың қозғалысы жөніндегі қызметі туралы есебі «қанағаттанарлық» деп есептелсін.
  2. Қамқоршылық   кеңестің   атқарылған І жартыжылдық есебі «қанағаттанарлық» деп бағалансын.
  3. Қамқоршылық кеңес мүшесі А.Султанова мен  мектеп психологтары бірігіп, үйде отырған аналармен тренинг жұмыстары жүргізілсін.
  4. Ауылдан тыс мектептерге қатынау үшін мектепке   қажет көлікті алуға  демеушілер   тартылсын.

Қамқоршылық кеңесінің төрағасы                 Султанов М

Қамқоршылық кеңес хатшысы                     Дощанова Г.К.

© 2025 «Ақтөбе облысының білім басқармасы

Алға ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Бестамақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі